Назарыңды сал, hәм "мәңгілік" сияқты жалпының арманын қалап дұға етуде. Ол дұғаға тек жер шары тұрғындары емес, аспан тұрғындары тіпті болмыс атаулы, бәрі-бәрі, оның жалбарынған ниязына қосылып хал тілдерімен: "Шіркін... Я Раббенә! Бер, тілеуін бер! Қабыл ал, біздіи де қалауымыз сол!" деп жатыр.
Һәм, зер сал! Күңірене, сүйсіне, құмарлана, инабатты түрде мәңгілік бақыт қалап жалбарынып жатыр. Қалай жалбарынады десеңізші! Бүкіл әлемді қосыла жылатып, дұғасына қатыстырып отыр.
Һәм қара, алдына мақсат қылып, армандап, бақыт тілеп дұға еткені сондай, ол тілегі адам баласын және мақұлық атаулыны әсфел-і сафилин болған сөзсіз жойылудан, азғындықтан, қадірі жоқ пайдасыздықтан, түкке тұрғысыздықтан алып ала-й иллиин болған қадірлі, мәңгі, маңызды міндет жүктелген Самедани хат тәрізді жоғары мәртебеге шығаруда. Һәм қара, жалбарына медет сұрай және тәтті өтініш ниязбен жалбарынғаны сондай, оны барлық болмыс, аспан, ғарыш естіп, толқып тасып дұғасына қосылып └Амин, Аллаhуммә амин" дегізіп отыр. (Сілтеме)(14)
----------------------------------------------------------------(14)(Сілтеме): Ия, мына әлемнің билеушісі, оның билігі ап-ашық саналы, білімді, хикметті екені белгілі; олай болса оның өз жаратқандары ішіндегі ең таңдаулы бір түлғачың іс-әрекетін білмеуі, түсінбеуі әсте мүмкін бе? Әрі сондай-ақ, Ол Мутассарыф-ы Алим, әлгі парасатты тулғаның іс-әрекетінен, дүғаларынан хабардар бола тура, оған мән бермеуі,