Хал тілімен болса да жауап береді. Хикметті әрі көріп тұрғандай, мейірлене түрде жауап беретіні сондай, күмәнсыз түрде ондай тәрбие, ондай үйғарымды іс атқару, тек Сани мен Басирге тән, әрі Кәрім мен Рахимге тиісті.
Апырым-ай, барлық адамзат атаулыны бастап, жер жиhанның үстінде тұрып Ғарш-ы Ағзамға бетін бұрып, қолын жайып, адамзаттың құлшылықтарының жиынтығын қамтитын Ахмедтің (Ғ.С.М.) құлшылық ақиқатымен бірге дуға еткен осы бір адамзаттың ардақтысы, уақыт пен әлемнің ерекше тұлғасы Фахр-ы Кайнат (Ғ.С.М.) не сұрайды тыңдап көрейік. Бетіңді бұр, Өзіне және үмбетіне мәңгі бақытты қалайды. Мәңгілікті қалайды, Жәннатты қалайды. Һәм болмыс атаулы жүзінде жәмалдары шағылысқан Илаhи қасиетті есімдерді де қалайды. Ол есімдерден шапағат талап етіп отырғанын өзіңде көріп отырсың.Егер ахиретті керектіретін себептер мен бар екендігіне дәлелдер болмаған күннің өзінде тек мына кісінің бір дұғасы,