ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | 55
(1-148)
АЛТЫНШЫ АҚИҚАТ:

Жәлил мен Бақи есімдерінің шағылысы болған Хашмет пен Сәрмәдиет қақпасы.

Бүкіл болмыс атаулыны, Күн болсын, ағаш болсын, атом болсын тілалғыш нөкер секілді қызмет еттіріп басқарып отырған бір Рубубиеттің хашметі(айбындылығы) мына қонақжәй дүниеде, қысқа өмір сүретін бейшара мақұлықтарға күні қарап, шешілместей байланып қалуы және соңсыз, мәңгі бір әйдік алаң, жоғары дәрежелі Рубубиеттің негізін жаратпауы әсте мүмкін бе? Иә, мына әлемде көріп жүрген маусымдардың құбылуы сияқты айбынды басқармалар және планеталардың ұшақ тәріздес қозғалыстары сияқты алып құбылыстар сондай-ақ, адам үшін жер жиhанды бір бесік, Күнді шам жасау сияқты орасан бас идірулер, өлі, қуаң жер жиhанды тірілту, оны әшекейлеп безендіру сияқты ірі құбылыстарға қарап, перде артында осыншама бір Рубубиет, айбынды да үлкен салтанат бар екенін білеміз. Мүндай Рубубиеттің салтанаты, өзіне лайық бас июшілерді, нағыз лайық болғандарды қажет етеді.

Алайда, мәнісі зор әрі күрделі, маңызды бас июшілер мен құлдары, мына қонақжайда баянсыз, мұңлы күй кешуде. Қонақжай болса күн сайын толып азаяды. Һәм барлық бас июшілер бұл жерде қызмет пен тәжірбие үшін уақытша тұрып жатыр. Алаң болса сағат сайын мың құбылады. Һәм, барлық бас июшілер Сани-ы Зүлжәлалдың қунды жарылқауларының үлгілерін, шебер өнерінің таңғажайып туындыларын └әлем" атты көрмесінде сатып алушы назарымен тамашалау үшін мына көрмежайда бір сәт тұрып қызықтап, көзден таса болуда. Мына көрмежай болса минут сайын сан құбылады.

Дыбыс жоқ