ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | 56
(1-148)

Келген кетіп барады, кеткендер қайтып оралмайды. Міне бұл хал мен бұл жағдай; бізге мына қонақжай мен мына көрмелердің арқасында; әлгі соңсыз салтанатқа лайық, әрі негіз болатын мәңгілік сарайлар, соңсыз мекенжайлар сондай-ақ, дүниеде көріп жүрген үлгі-өрнектер мен суреттердің өте анық құнды негіздері сақтаулы бау-бақшалар мен қазыналар бар екенін көрсетеді. Демек, бул жерде еңбектену солар үшін. Бұл жерде еңбек еткізеді, ол жерде ақысын береді. Әркімнің қабілетіне қарай, әрине егер адаспаған болса, ол жерде бір өзіндік бақыты бар. Рас, ондай соңсыз салтанаттың мына фәнилер мен өткінші бейшараларға ғана үкім етуі әсте мүмкін емес, болмашы нәрсе. Бұл ақиқатқа мына тәмсіл арқылы назарыңды сал. Мәселен: Сен сапарға шықтың. Қарасаң, жол үстінде бір керуен сарай. Аты шулы біреу ол керуен сарайды өзіне келетін қонақтарына арнап салдырған екен. Жолшыбай қонақтардың бір түн көңіл көтеруі мен гибреттері үшін әлгі керуен сарайдың безендіру жумыстарына миллиондаған алтын қаржы жұмсалуда. Һәм, ол қонақтар, сол әшекейлердің шамалысын бір сәт тамашалап, тоймастан кетіп барады. Бірақ та келген әрбір қонақ, өзіндік фотожиhазымен әлгі керуен сарайдағы бұйымдардың, нәрселердің суретін алуда. Һәм, манағы атышулы ханның қызметшілері де келгендердіи іс-әрекеті мен жасаған қылықтарын өте муқият түрде бақылап, суретке түсіріп, тіркеп қоюда. Сондай-ақ ол хан, күн сайын әлгі қунды әшекейлердің көбін тас-талқан етіп, жаңадан келгендерге басқа әшекейлер, безендірулер жасауда.

Дыбыс жоқ