Мұны көзіңмен көре тұра, бұл жолда мына керуен сарайды жасаға ханның; тұрақты тым әсем сарайлары, сарқылмас қунды қазыналары бар екеніне әрі өзі әрдайымғы өзгермейтін аса қайырымды екеніне күмәнің бола ала ма? Мына керуен сарайда көрсеткен сый-сыяпаты арқылы өзіндегі иеліктеріне қонақтардың тәбеттерін ашып, оларға арналған сыйлықтарға, ынтасын арттыруда. Дәл сол сияқты, мына дүние қонақжайындағы жағдайға мас болмай, зер салып қарасаң төмендегі └тоғыз негізді" білетін боласың.
Бірінші негіз: Әлгі керуенжай секілді мына дүние де, өзі үшін емес... Өзінен-өзі мундай күйге енуі әсте мүмкін емес. Ол мақұлықтар керуеннің келіп қонулары мен көшулері үшін, бірде босап, бірде толатын хикметті түрде жасалған бір қонақжәй екендігін түсінген боларсың.
Екінші негіз: Мына керуен сарай ішінде отырғандар қонақтар екенін, олардың Рабб-ы Кәрімі оларды Дар-ус Сәламға шақыратынын түсінесің.
Үшінші негіз: Мына дүниенің әшекейлі сұлулықтары тек рахатқа бату, көңіл көтеру үшін емес. Себебі, бір сәт ләззәт берсе, айырылысу салдарынан ұзақ уақыт уайымға салады.