Иә, мына әлемнің Абыройлы билеушісі, әр ғасырда, әр жылда, әр күнде мына тар баянсыз жер бетінде Үлы Хаширдің , қиямет алаңының көптеген өрнектерін, үлгі мысалдарын, ишараттарын жаратып отыр. Қысқаша айтқанда:
Хашир тәріздес көктемде көз алдымызда бес-алты күн ішінде үлкенді-кішілі жануарлар мен өсімдіктердің үш жүз мыңнан астам түрін хашир етіп жайып салуда. Барлық ағаштардың, өсімдіктердің тамырларын және кейбір жануарларды дәлме-дәл тірілтіп, қайта әкеліп отыр. Басқаларында дәлме-дәл болмаса да ұқсас бір түрде қайта жаратуда. Тіпті дене пішімі өте ұқсас дәндер бір-бірімен шатасқан күйде болса да асқан реттілік бөлу арқылы өте жылдам әрі жаппай оңай түрде жүйелі де өлшеулі түрде алты күн де және алты апта ішінде жан бітіп тірілуде. Бұл істерді атқарып отырған біреуге, бір істің ауыр келуі, жер мен көкті алты күнде жарата алмауы, адамзатты бір айқай мен хашир ете алмауы әсте мүмкін бе? Жо-Жок, мүмкін емес.
Апырым-ай, Мұгжизе көрсететін бір Жазушы болса, әріптері я өшіріліп қалған я күл-талқан болған үш жүз мың дана кітапты бір ғана парақта еш араластырмастан, қатесіз, нұқсансыз, жаңылыспастан, бәрі бірге өте әдемі түрде бір сағаттың ішінде жазатын болса: