Тіпті, сен өзінді мың жыл бұрынғы замандамын деп қиялдап көрсең, сосын заманның екі қанаты тәріздес өткен мен болашақты бір-бірімен салыстырсаң, ғасырлар, күндер есебінше хаширдың мысалын және қияметтің өрнектерін көретін боласың. Содан соқ мұншама өрнектер мен мысалдарды көре тура денемен бірге хашир болуды ақылға сыйымсыз көріп, жоққа шығарсақ неткен ақымақ, диуана екеніңді түсінетін боласың.
Қара! Ферман-ы Азам аталған ақиқатқа қатысты недейді тыңда:
Қорытынды: Хаширге керағар еш нәрсе жоқ. Қажеттіретіндер болса, әр нәрсе. Рас, ғажап махшер болған мына алып жерді қарапайым хайуан секілді өлтіріп тірілткен, hәм оны адам мен хайуанға ыңғайлап бір бесік, әсем бір кеме жасаған, күнді болса мына қонақжәйдің жарық беретін, әрі жылу беретін шам-шырағы еткен, планеталарды періштелеріне арнап ұшақ жасаған біреудің, мұншалықты айбынды, мәңгі бітпес Рубубиеті және мұншама алып, асқар әкімшілігі әрине мұндай өткінші, жалғасы жоқ, құбылмалы, мәнісі жоқ, ауыспалы, баянсыз, нұқсан, кемелденбейтін дүниелік тірлік үшін құрылмайды әрі турмайды. Будан басқа мәңгі бақи бір мемлекеті бар.