Кешірілуі әсте мүмкін емес... Қадир-ы Мутлақ болса шарасыздықтан ада әрі таза. Оған куәгерлер, хабарлаушы кімдер десеңіз, олар кәсіптері, саласы, жолы басқа да бұл мәселенің негізіне келгенде бір ауыздан мақұлдағандар саны жағынан теуатур дәрежесінде.
Сапасы жағынан ижма қуатында. Мәртебе жағынан әрқайсысы адамзаттың жарқыраған жұлдыздары, бір тайпаның көзі, бір халықтың қадірлілері. Маңыздылығы, бұл мәселе турғысында кәсіпкерлер hәм растаушылар болып табылады.
Алайда өздеріңе белгілі, бір салада немесе бір өнерде екі маман, мыңдаған басқа адамдардан басым, hәм бір хабарландыруда екі дәлелдеуші мыңдаған жоққа шығарушылардың ойын басып кетуі, мысалға: Рамазан айының туғаны жайында хабар берген екі адам мыңдаған жоққа шығарушыларды жарамсыз етеді.
Сонымен: дүниеде бұдан асқан жақсы хабар, берік дау, ашық бір ақиқат болуы мүмкін емес... Демек, шүбәсіз дүние бір егіс алқабы. Махшер болса бір қырман, ал жәннәт, жәhәннәм болса бір қойма.