Бірге жазылады, бір-біріне кедергі жасамайды. Түрлері, бейне-пішіндері бір-бірінен өзгеше, сонда да еш жаңылыспайды. Қате жазбайды. Иә, зәулім ағаштың рух бағдарламасы тырнақтай, өте шағын дәнге орналастырып, сақтап қойып отырған Заты Хаким-ы Хафиз қайтыс болғандардық рухтарын қалай сақтайды деуге бола ма? Сонымен қатар, жер жиhанды шыр көбелек айналдырған Заты Қадир, ахиретке кеткен қонақтарының жолында қалайша мына жерді алып тастайды немесе тас-талқан етеді деуге бола ма?
Һәм молекулаларды жоқтан, жаңадан барлық тіршілік атаулының әскерлерінде, бүкіл тулғаларының түмендерінде өте ұқыпты түрде └Күн фаякүн■ әмірімен тізіп орналастырған, әскерлер жаратқан Зат-ы Зүлжәлал; түмен тәріздес денелердіқ тәртібіне көндігіп, бір-бірімен танысып, үйренісіп қалған негізгі молекулаларды сондай-ақ асыл, әу бастағы бөлшектерді бір айқаймен қалай жинайды деуге бола ма?
Һәм, сол бір көктем хаширіне уқсас әр дәуірде, әр ғасырда, тіпті түн мен күннің ауысуында, тіпті аспанда бұлттардық жаратылысы мен жойылмасында хаширға өрнек әрі мысал, нышан болатын қаншама нақыштар жасағанын көзіңмен көріп отырсың.