бірі саған ╚мына Жазушы, өзі жазған сенің суға түсіп кеткен кітабыңды жаңадан, бір минуттың ішінде жадынан жазады ╩- десе: Сен оған жаза алмайды, сенбеймін дей аласың ба?
Немесе, мұғжизекер Сұлтан болса өзінің күш қуатын көрсету үшін және қонақтары гибрет алып көңіл көтерулері үшін бір ғана ишаретпен биік таулардың орнын ауыстырып, елді мекендерді көшіріп отырса, теңізді құрлыққа айналдырып отырғанын өз көзіңмен көрсең сосын үлкен бір тас сайға аунап кеткен екен, әлгі тас манағы Сұлтанның қонаққа шақырған кісілерінің жолын бітеп тастаған екен жолаушылар да өте алмай қалған екен. Сонда саған біреу келіп: әлгі Сұлтан бір ишаратпен мына тасты негұрлым үлкен болса да көтеріп алып тастайды я болмаса тас-талқан етеді. └Қонақтарын жолда тастамайды" десе сен оған: Алып тастамайды не көтере алмайды десең...
Тағы бір мысал: біреу бір күнде жаңадан жер қаптаған үлкен полк әскерін көп жинап, орда турса біреу ╚Мына біреу, керней шалып демалып жатқан әскерін жинап алады, әскері де ретті түрде сап қурайды╩ десе. Сен оған: "Сенбеймін" десең қаншалық ақымақтық жасағаныңды түсінген шығарсың. Міне, мына үш мысалды түсінсеқ бері қара: Наққаш-ы Әзели көз алдымызда қыстың ақ парағын жауып көктем мен жаздың жасыл парағын ашып Жер жиhанның бетіне үш жүз мыңнан астам түрлерді Құдірет пен Қадер қаламдарымен көркем сурет түрінде жазып отырады. Барлығы бірге болса да бір-бірімен шатаспайды.