Бірде жарқын жүзді бірнеше жас қасыма келді. Өмірде кездесетін қауіптерден, жас-тықтың албырттығынан сақтану үшін әсерлі насихат сүраған оларға ертеректе Рисалә-и Нұрдан медет сүраған жастарға айтқанымды қайталап, былай дедім:
„Жастық шақ сөзсіз өтеді де кетеді. Егер сендер занды да ұлықсат берілген жолмен жүрмей, бет алды лақсаңдар, мына жастық шақ босқа кетіп, тек мына дүниеде ғана емес, қабір мен ақыретте де тіршілікте берген ләззатынан әлдеқайда мол қайғы-қасіретке душар етеді. Егер берілген жастық шақты нығметке шүкіршілікпен абырой мен намыс жолында әрі оны мойынсүнуға сарп етсеңдер, әлгі жастық шақ рухани турде мәңгілікке айналып, бақи жастық шақты иеленуге се-бепші болады.
Иә, егер өмірдің иманы болмаса немесе тоңмойындықтан иман әсер етпесе, өмір де-геніміздің алдамшы, қысқа ләззаты бар, бірақ сол ләззаттары мен қызықтарынан уайым мен қайғысы көп болып кетеді. Өйткені адам баласының хайуаннан айырмашылығы оның саналылығы, осы шақпен бірге өткен және келешектен де алаңдар болуы. Үзап кеткен сол шақтардың ләззатына қанып, қайғысын да жұтады.
Хайуан болса олай емес. Санасы болмаған соң, өткен күндердің өкініштері мен келе-шектің үрейлері оның алар ләззатына еш әсер етпейді, мазаламайды да.Егер адам азғындық пен немқүрайлылыққа салынған болса, оның қазір алған ләззатын өткен шақтың өкініштері мен келешектің уайым-қайғысы мазасын май ішкендей етеді.