Әсіресе, ол ләззаттар заңсыз болса, одан сай-ын улы бал болып ішті зәһардай өртейді. Де-мек, өмірдің қызығын қууға келгенде, хайуаннан жүз есе кем... Құдайдан безгендер мен азғындардыңг сондай-ақ бейқам адамдар-дың өмірі, керек десеңіз, тіпті, болмысына дейін өзінің сол сәттегі күні ғана. Оның ойынша өткен күндер мен әлемдер жым-жы-лас жоқ. Саналы болғандықтан ол жақтан қараңғылықтың лебі есіп, тас түнек болып көрінеді. Ал, келешек болса да жым-жылас. Міне, осылардан пайда болған мәңгілік қощтасулар жолын тауып оның өміріне әрдайым қараңғылықтың ызғарын еседі.
Ал егер иман өмірді жандандырса, өткен шақ пен келешек әлгі иман нұрымен жа-рыққа толады. Оның рухы мен көңіліне имандылық тұрғысынан осылайша болмыс сыйлап, рахатқа бөлейді. Бұл ақиқат „Қарттар рисаләсі11 деген кітапшаның „Жетінші үмітінде" баяндалған. Сол жерге қараңыздар.
Міне, өмір деген осы. Тіршіліктің ләззаты мен рахатын қаласаңдар, өмірлеріңді иман-мен жандандырыңдар, парыздармен әшекейлеп, күнәлардан аулақ тұру арқылы сақтап бағыңдар.
Кез келген жерде, кез келген уақытта күн сайын болып жатқан қайғылы қазалар бізге нені меңзейді? Олар өлімнің ақиқат екенін, одан қашып қүтылу мүмкін еместігін білдіреді. Бұл туралы басқа жастарға да айтқан болатынмын. Тағы да қайталаудың реті келіп тұр.
Мәселен, әне бір жерде дар ағашы тұр дейік. Оның қасында лотерея (билетінің үгыс-тары өте құнды да қымбат) кеңсесі орна-ласқан. Осы отырған бәріміз қаласақ та, қаламасақ таг жаппай әлгі жерге шақырыламыз. Шақыру мезгілі белгісіз болғандықтан, кез келген уақыт бізге: „Кел, өлім жазасына кесілдің, дар ағашына шық", не болмаса: „Кел, үтыс билеті шықты, милли-он алтын ділдәға ие болдың" дейтін хабарын күтіп тұрғанда, кенет есіктен екі адам кіріп келді. Біреуі: киімі әлем-жәлем, жартылай жа-лаңаш, сұрқия сүлу әйел, қолында сырты бүтін, іші түтін у қосылған халуа бар, бізге жегізгісі келеді.