„Ислам әлемінің тағдырымен тікелей бай-ланысты мына Екінші дүниежүзілік соғыстың қиын-қыстау шағында екі жылдан бері, қазір он жылдан асты, я бізден, я әр күн сізге қызмет етіп жүрген Әминнен бір рет болсын сүрамадыңыз. Апырым-ай, осы үлкен оқиғаның маңыздылығын жоятын одан үлкен өзге ақиқат бар ма? Әлде онымен шүғылдану зиянды ма?11 деп үстазымыздан сүрап едікг жауап ретінде былай дегені бар:
Иә, мына Екінші дүниежүзілік соғыстан әлдеқайда маңызды басқа бір ақиқат, орасан зор оқиға болгандықтан, мына соғыс оның қасында елеусіз. Қалай десеңдер, бүл соғыста екі ірі мемлекет жер-жаһанның билігі үшін қырқысып жатыр. Бір жағынан екі үлкен дін бір-бірімен мақүлдасып, келісімге келетін күн туып, бір жақтан от шашқан дінсіздік пен сәмауи діндер арпалысып, аласапыран бас-талғанда, адамзаттың „социалист" тобы мен „буржуй" тобы арасында болып жатқан дау-шардан әлдеқайда маңызды мәселе туып отыр. Әрі өте-мөте маңызды бір ақиқат шыққаны сондай бүл мәселенің әр адам басы-на шаққанда түсетін мөлшері мына болып жатқан Екінші дүниежүзілік соғыстан әлдеқайда салмақты. Ол не қылған мәселе? Ол мынау:
Қазіргі таңда әрбір мүмин үшін, тіпті, бар-шаға жер шарындай мәңгі алқап, алқап болғанда да, бастан-аяқ бау-бақша, зәулім са-райлар салынып қалған еш бітпейтін мәңгі бір мүлікке ие болу немесе уыстан шығарып алу мәселесі тур. Демек, баршаны толғандыратын бүл мәселенің маңыздылығы сондай, егер бір адамның Англия, Германия елі сияқты байлығы мен күш-қуаты болса әрі ақылы да болса, жалғыз әлгі мәселені шешу үшін қолда барын сарп етер еді.