АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 24
(1-151)

РИСАЛӘ-И НҮРДЫҢ ТАРАЗЫЛАРЫНАН ОН ҮШІНШІ СӨЗДІҢ ЕКІНШІ МАҚАМЫНЫҢ ТҮСІНДІРМЕСІ

Қамаудағылар Рисалә-и Нурдағы нағыз жұбанышқа өте зәру. Әсіресе, жастықтың ал-бырттығынан соққы жеп, уылжыған тәтті өмірін турмеде өткізгендер нұрларға аса мұқтаж.

Рас, албырттығы мол жастық шақ көбінесе ақылды емес, сезімді тыңдайды. Ал сезім мен әуестік болса соқыр емес пе, істің соңын көрмейді. Дайын тұрған азғантай ләззатқа бо-ла кейіннен келетін батпан ләззатты тәрк етеді. Бір минуттық кек алудағы ләззатқа бо-ла адам өлтіріп, сексен мың сағат түрменің азабын тартады. Бір сағаттық нәпсі қандыру, рахатқа бату үшін біреудің намысын таптап, арын төгеді де, мыңдаған күндер бойы абақты мен дүшпанның қорлығынан жаны күйзеліп, өмірі тас-талқан болады. Бейшара жастардың өміріне осылайша көптеген қауіп төніп тұр. Олар уылжыған тәтті өмірді тым ащы да аянышты ахуалға айналдырады. Әсіресе, солтүстікте орналасқан ірі бір мемлекет жас-тардың әуесқой мінезін пайдаланып, ғасырымызға бейім апаттармен дүр сілкіндіруде. Ары таза кісілердің бойжеткен қыздары мен жұбайларын бойын соқыр сезім билеген жастардың еншісіне беріп, „ештеңе етпейді" дегендей көз жұмуда. Тіпті, моншала-рында әйел мен еркектің бірге тусуіне де үлықсат беріп, жезөкшелікке осылайша ықпал етуде. Сондай-ақ байлардың дүние мүлкін талан-тараж етіп, пақыр әумесерлерге таратып беруде. Бүрын-соңды болып көрме-ген мұндай апатқа бүкіл адамзаттың төбе ша-шы тік тұрып, зәресі ұшуда.

Дыбыс жоқ