АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 25
(1-151)

Міне, бұл ғасырда Ислам және Түрк жаста-ры батылдық көрсетіп, мұндай екі жақты соққыға Рисалә-и Нүрдың „Миуа", „Жастар шырағы" сияқты кітапшаларының өткір қылышын қолға алып, қарсы шабулары ке-рек. Әйтпесе, әлгі бейшара жастар өздерінің жарқын болашағынан, бақыты мен ақыреттегі бағынан да айырылып, о дүниедегі өмірін азап пен қайғыға толтырады. Бойын-дағы күш-жігерді орынсыз шығындап, азғындыққа салынудың салдарынан емхана-ларға, қызуқандылықтың зардабынан түрмеге де түседі. Қартайған шағында „Қап, әттеген-ай" деп, сандарын соға өкінеді.

Егер Қүраннан тәрбие алып, Рисалә-и Нұрдың ақиқаттары арқылы аяғын нық бас-са, нағыз қаһарман әрі жақсы адам, ол бағы жанған бір мүсылман, сондай-ақ басқа да тіршілік иелеріне сүлтан да болады.

Иә, түрмеде отырған бір жігіт жиырма төрт сағаттық бір күннің тек бір сағатын бес уақыт намазға жұмсаса, түрме көп күнә жа-сауға кедергі болатыны сияқты, мына азапқа душар еткен қателіктен де тәубаға келіп, басқа да зиянды әрі қайғылы күнәлардан аулақ және туыстарына көп пайдасы тиетіні сияқты, өзінің бес-он жылдық фәни жастық шағымен мәңгілік жарқын жастық шаққа ие болатындығын ең бірінші болып Құран-ы Мүғжиз-ил Баян, содан соң Аллаһтан келген бүкіл кітаптар мен парақтар анық хабарлар беріп, сүйсіндіруде.

Иә, мұндай тәтті де әдемі жастық шақ сияқты нығметке дүрыс жолда жүру және мойынсүну арқылы шүкір етсе, сол жастық молайып, әрі мәңгі-бақи түрге еніп, ләззаты арта туседі. Әйтпесе, басқа пәле болып, қайғы-мұңға салып, зардап шектіреді. Сон-дай-ақ туған-туыстарына, Отанына, халқына кір келтіретін әпербақанға айналуына се-бепші болады.

Дыбыс жоқ