Аса қадірлі де сенімді бауырларым!
Абақтының қиын күндерін бастан кешіріп жатқандарға және оған сырттан келген азық-түліктерге бақылау жасап әрі қол ұшын бергендерге өте күшті бір демеу. Мұны „үш нүкте" арқылы баяндап берейін.
Бірінші нүкте. Абақтыда өткен әр күнді он күндік ғибадатқа, сол фәни сағаттарды руха-ни да бақи сағаттарға айналдыруға болады. Әрі бес-он жылдық жаза өтеу мерзімі арқылы миллиондаған жылдық шексіз қамалудан құтылуға болады. Міне бұл имандылар үшін өте қүнды әрі мол табыс. Бүл табысқа қалай қол жеткізуге болады дейсіңдер ғой, оның шарты: парыз болған намазды оқу; торға түсу-ге себеп болған күнәлардан тәубаға келу; са-быр сақтап, шүкір ету, Онсыз да түрме кунәға одан әрі бата бермеуге, оны жасауға жол бер-мейтін, кедергі емес пе?
Екінші нүкте. Ләззаттың аяқталуы қайғы екендігі тәрізді қайғының аяқталуы да ләззат болып табылады, Рас, әркім-ақ өткен күндердің шаттыққа толы кезеңдерін ойлаған шақта, өкіне де қамыға көңілі құлазып: „Қап, сол бір күндер-ай!" дейді, ал өткеннің қайғылы да ауыр күндерін еске алса, өтіп кет-кеніне іштей қуанып: „Әлхамдү-лиллаһ, Қүдайға шүкір, сол бір қараңғы күндер өтті кетті, орнына сауабы қалды" дер еді, көңілі жай тауып, терең тыныс алар еді.
Демек, өткінші бір сағаттық қайғы, жанға мағынауи ләззат береді. Ал, ләззатқа толы бір сағат, керісінше, терең қайғылы із қалдырады. Бұл рас болса, өткен қайғылы сағаттар уайымдарымен қоса жым-жылас >коғалады. Ал келешектің қаралы күндерінің әзірге ауылы алыс, көрінбейді. Жоқ нәрседе қайғы қайдан болсын.