Әй, турмедегі достарым мен діпдес бауыр-ларым!
Дүние мен ақыреттің азабынан қүтқаратын ақиқатты мыналарға баянда деп көңіліме нұсқау келді. Ол ақиқат мынау болған:
Мәселен, біреу екінші біреудің ағасын не-месе туысын өлтірді делік. Кек алудағы бір минуттық ләззат миллиондаған минут жүректі сыздатып қана қоймай, түрменің де азабын тарттырады. Әлгі өлген адамның ту-ысқаны да қарсы дұшпанынан „қайтсем кек аламын"1 деп ойлай-ойлай өмірінің мәні кетіп, шырқы бұзылады. Бойын үрей билеп, ашу-ыза да кернеп, азапқа түседі. Бұдан қүгылудың бір ғана шарасы бар, ол - Құранның әмірін тыңдау және хақ пен ақиқат әрі игілікті іс және адамгершілік, сондай-ақ Ислам діні та-лап етіп шақыратын келісімге келуг татуласу.
Иә, ақиқат пен игілік татулықта. Себебі ажал біреу, өзгермейді. Әлгі өлген кісінің ажалы жетіп тур екен, бәлкім ол адам артық өмір сүрмейтін шығар. Өлтірген кісі Ал-лаһтың жазған тағдырына себепші болды. Егер келісім болмаса, екі жақты да үрей би-леп, кек алудың азабын шегеді. Сондықтан Ислам дініміз: „Бір м’үмин басқа бір мүминге үш күннен артық ренжімеуі тиіс" деп бұйырады.
Егер мүндай қылмыс қастық емес не өш алу да емес, бір мұнапықтың шығарған бүлігі болса, тез арада татуласулары керек. Әйтпесе, аз ғана қайғы одан әрі үлгайып, ұйығына сіңіре береді. Егер татуласса әрі өлтірген адам да тәубаға келіп, марқұмға әрдайым дүға етсе, онда екі жақ та ұтады, туысқан сияқты бола-ды. Кеткен бір бауырының орнына бірнеше діндар бауыр табады. Құдайдың басқа салғанына көніп, дұшпанының қүнын кешеді. Оның үстіне мына Рисалә-и Нұр дәрісін тыңдаған болса, ңгілікке жетелейді, жеке бас пен баршаның тыныштығы араларында бо-лып өткен барлық кикілжіңдерді ұмытуын та-лап етеді.