Мәселен, бірнеше күннен соң аш-жалаңаш, сусыз қаламын деп бүгіннен бастап өлермендене нан жеп, су ішу, қалың киіну - барып турған ақымақтық. Дәл сол сияқты жым-жылас жоқ болған өткен мен келешектің қайғылы сағаттарын дәл қазір ойлап сабырсыздану, сондай-ақ кемшілігі көп нәпсісін үмытып, Қүдайға кінә артқандай уһілеп-аһылап аһ үру да ақымақтық. Егер бойындағы сабырлылықты оңды-солды шашпай, яғни өткен мен келе-шекке сарп етпей, қазіргі уақытына, сол күніне дәйектетсе, толық жетеді. Күйзеліс мыңнан бірге түседі. Шағымдану деп қабылдамағайсыңдар, сендерге мынаны да айта кетейін:
Мен, мына Жүсіптің медресесінде (1) өткізген бірнеше күнімде, өмірімде көрмеген дүниелік һәм рухани зардап шеккен кезімде, бір жағынан науқастық жабысып, бәрінен бүрын Рисалә-и Нүрдың қызметінен мақүрым қалғандығымнан туындаған үмітсіздік пен ру-хани күйзелістер жанымды жегідей жеген сәтте, Аллаһтан жәрдем келіп, аталған ақиқатты көрсетті. Мен дағы жанымды күйзеген науқастығыма, қамалғаныма разы болдым. Өйткені: „Мен сияқты қабір аузын-дағы бейшараның қапы қалып өткізіп алатын бір сағатын оншақты қүлшылық сағатына айналдыру мен үшін үлкен табыс" депг Қүдайға шүкір еттім.
Үшінші нүкте. Түтқындарға мейірлене қызмет етіп көмектесу: қажетті азықтарын беру; жаралы жандарын жүбанышпен емдеу сияқты шамалы ғана істермен де үлкен та-бысқа қол жеткізуге болады. Сырттан келген тамақтарын жеткізер болса, сол түрме күзетшісі мен қызметкерлерінің амал дәптеріне садақа ретінде дәл сол тамақтың мөлшеріндей сауап жазылады. Қиналған жан яғни тұтқын, кәрі не болмаса науқас, пақыр немесе кіріптар болса, бұл мағынауи са-дақаның сауабы да арта түседі.
Міне, осы мол табыстың шарты - әлгі қызмет Құдайға бағышталмағы үшін парыз болған намазды оқу. Тағы бір шарты оларға сенімді дос ретінде міндетсінбей жанашыр-лықпен, мейірлене әрі сүйсіне жәрдем ету.
-------------------------------------------------------------------------(1) Жүсіп пайгамбарға (ғ.с.) жала жауып, оны нақақтан нақақ •түрмеге қамаған екен. Соған теңеу ретінде Иман мен Қүранға қызмет жасағандарды үстап, қамаған жерлердің атауы.