Шүбәсіз ең бақытты кім десеңдер, әлбетте, Ол - сабыр сақтап, Іпүкір еткен, сол қамау-дан өткен күндерін пайдалана отырып Ри-салә-и Нұрдың дәрісін көңіліне тоқып, тура жолда жүріп, Иман мен Қүранға қызмет ет-кен адам.
Уа, рахат пен ләззатқа жаны құмар адам! Қазір мен жетпіс бес жастамын. Өмірімде ба-сымнан өткен мыңдаған тәжірибелер, дәлелдер, шындықтар арқасында мынаған көзім әбден жетті.
Нағыз рахат пен уайымсыз ләззатты әрі шынайы шаттық пен өмірдің бақытын, тек қана имандылықтан және иманның ақиқаттарының маңынан табасың. Әйтпесе дүниеуи бір ләззат көптеген қайғыларға ұрындырады. Бір түйір жүзім беріп, он дүре соғатыны сияқты өмірдің шырқын бұзады.
Әйг қамаудан жаны күйзелген бейшаралар! Дүниелерің қирап, өмірлерің астан-кестен болған екен, еңбек етіңдер, тырысыңдар! Со-нау ақыреттерің аман болсын. Мәңгі өмірлерің жаздай жадырап, балдай тәтті бол-сын! Қамаудағы мерзімдеріңді тиімді пайдала-ныңдар, Мәселен, кейде қиян-кескі қиын жағдайда дүшпан оғының астындағы бір сағат күзет бір жыл құлшылық болып саналады. Сол сияқты сендердің де мына ауыр шарттарда жа-саған әрбір сағаттармен пара-пар болып, көрген қиындықтарың сауапты мейірімдерге айналады.