Егер тұтқын жала жабылып, нақақтан сот-талған болса, намаз оқу шартын орындаса, әрбір сағаты бір күн қүлшылық ретінде бола-тыны сияқты, түрме оның залымдардан сақтайтын баспанасына айналып, ескі заман-дағыдай үңгірде бас сауғалап қүлшылық ет-кен адал да тақуа адам болып саналады. Егер ол пақыр не болмаса қарт кісі, я науқас неме-се иман ақиқаттарына жаны қүмар біреу бол-са, парызды орындау және тәубаға келу шартымен әрбір сағаты жиырмаға жуық құлшылық сағатына айналып, турме оған де-малыс орны әрі ол жерде өзіне мейрімін^гөге қараған достары болса, сүйіспеншілік жері, сондай-ақ тәрбиелеу орны - бір дәрісхана кейпіне енеді. Мүндай адам, өзінің сырт-тағы лас әрі айналасын күнәлар шырмаған бостандықта емес, түрмеде отырғанына ри-за болуы мүмкін. Түрмеде тәрбие алыпг бос-тандыққа шыққанда, қаскүнем қылмыскер емес, қайта тәубәға келіп, тәжірибе жи-наған тәртіпті әрі халқына пайдалы адам боп шығады. Тіпті, „Денизли" дейтін түрме-дегі адамдардың қысқа мерзім ішінде Ри-салә-и Нұрдың әдемі мінез-құлық туралы дәрісін тыңдап, жөнделгендері сондай, олар-ды көрген кейбір абақты қызметшілері бы-лай деген екен: „қылмыскерді тәрбиелеу үшін оны он бес жыл қамаудың орнына он бес апта Рисалә-и Нұрдың дәрісін тыңдатса, жетіп жатыр",
Иә, өлімнің өлімі жоқ, әрі өзі жасырынып келеді. Кез келген уақытта, кез келген жерде шап береді. Қабірдің апандай есігі жабылатын түрі жоқ, адамдар топ-топ болып сол жерге келгенде, омақаса құлап, көзден таса болуда. Имандылар үшін өлім дегеніміз жоғалу емес, қайта демалысқа шығу екенін Қүранның ақиқатынан белгілі болып отыр. Ал, Құдайдан безгендер үшін сыртқы көрінісі сияқты мәңгілікке жойылу, сондай-ақ барлық жақсы адамдардан, қоршаған ’ ортамен мәңгілікке қоштасу болып табылады.