Мәселен, „Денизли" турмесіндегі біріне-бірі қас тұтқындар Нұрдың дәрісін алғаннан кейін достасты. Біздің ақталып шығуымызға олар-дың ықпалы болды, тіпті, мұны көрген надан-дар мен есерсоқтарға дейін „Бәрекаллаһ, Мәшааллаһ" десті. Сөйтіп ондағы тұтқындардың бойлары жазылып, рахаттанып қалды. Байқаймын, бул жерде де бір адамның кесірінен жүз адам күйзелген және ешбірінде де «рахат жоқ. Бүл деген зұлымдық қой. Мәрт, ар-намысы бар бір мү’мин ешқашан да өзінің кішкене қателігімен немесе бас пайдасын көздеп, иманды жандарға көп зиян шектірмейді. Егер қателесіп зияны тисе, лезде тәубаға келуі керек.
Жaңадан тускеп қадірменді достарым және бурыннан жатқан тутқындар!
Менің бұл жерге тап болуыма Аллаһтың жарылқауы турғысынан басты себеп сендер екендеріңе толық көзім жетті, Яғни Нұрлар, өзінің жұбаныштарымен, сондай-ақ имани ақиқаттарымен сендерді түрменің мына аза-бынан және көптеген дүниеуи зардаптан қүтқарып, өкінішке толы өте шығатын өмірлеріңді бостан-бос өткізбей әрі о дүние-лерінде жыламай, ең болмаса, ақыреттеріңді аман сақтау сендерге нағыз демеу болып та-былады. Сонымен, ақиқат осы болса, әлбетте сендер „Денизлинің11 тұтқындары мен Нұр шәкірттері сияқты бір-бірлеріңе дос болула-рың керек. Көрмейсіңдер ме, бірін-бірі пы-шақтап тастамасын, біріне-бірі қастандық жасамасын деп, тамақ болсын, нан болсын, сырттан келген заттарыңды мың байланса да ақтарып тексеріп жатыр. Сендерге адал қызмет етіп жүрген күзетшілер әбігер. Сон-дай-ақ өздерің де дем алуға сыртқа шығарылмай отырсыңдар. Өйткені сендерді бір-бірлеріңе бас салып, жұлыса кетеді деп ойлайды. Сіз секілді тумысынан қаһарман жаңа тускен тұтқын достарым! Енді мағынауи қаһармандықпен батыл болып, түрме қызметшілеріне былай деңдер:
„Қолымызға пышақ емес, маузер револвер берілсе де, тіпті, оның үстіне бүйрық берілсе де, біз мына өзіміз сияқты қиындық көрген бейшара бауырларымызға қол жұмсамаймыз. Ескіден ала алмай жүрген кегіміз бен қастығымыз болса да кешіп, көңілдерін қалдырмауға, Құранның әмірі бойынша әрі иман және Ислам дінінің бауырмалдығының. атынан, сондай-ақ игілік пейілімен, оның бер-ген тәрбиесімен ант еттік" деп, осы бір турмені мүбарәк - қүтты дәрісханаға айнал-дырыңдар.