АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 34
(1-151)
(Жиырма алтыншы лема)
ЖЕТІНШІҮМІТ

Ескі Саидтің күлкілері Жаңа Саидтің көз жасына айналып, қартая бастаған шағында Анкарадағылар мені ескі Саид деп ойлап, Ан-караға шақырды. Күздің соңына таман менен де бетер қартайып, қаусап қалған Анкара қорғанының басына шықтым.

Жылдың кәрілік мезгілінде менің қарттыгым, қорғанның қарттығы, адамзаттың қарттығы, Османлы дәулетінің карттығы, һалифаттың қарттығы, жер шарының қарттығы маған өте аянышты халде көрінді. Өткен өмірдің ой-щұқыры мен болашақтың белестеріне зер салдым. Мені қаумалай қоршаған бұл қарттықтардың ішінде Анкарадан да рухани қараңғылық сездім. Бір нұр, жүбаныш, уміт іздедім.(1) Оңыма, яғни өткен шағыма қарағанымда, ата-бабаларымның ғана емес, нәсілімнің де мазары бейнесінде көрінді, Жұбаныш іздеп отырғанда, қорқыныш берді. Қүтылудың жолын іздеп, сол тарапымдағы болашаққа зер салдым. Бүл жағымда менің және болашақ ұрпақтың қараңғы қабір бейнесі көрінді. Сүйінерім деп үміттеніп едім, күйініш берді.

(1) Сол уақыт, сол рухани халдерім мінәжат түрінде жазылып, Анкарада, „Хубаб" рисаләсіне алынды.

Оңым мен солымнан шошынып, бүгінгі күнге қарадым. Жартылай өліп, жанталасқан денемді көтеріп бара жатқан табытты көрдім. Бұл жақтан да үмітім үзілген соң, басымды көтеріп, өмір ағашымның үшарына көз сал-дым. Бір ғана жемісі бар, ол да менің мәйітім. Өмір ағашының астына, тамырларына қарадым.

Дыбыс жоқ