Денем топыраққа айналып, тамыр-дағы топырақпен бірге аяқ асты тапталуда. Дертімді одан бетер асқындыра түсті. Шара-сыздықтан артыма қарадым. Бүл фәни дүние түрақтай алмай қаңбақтай домалап барады. Жарама дәрі емес, у сепкендей болды. Бүл жақтан да қайыр көре алмағандықтан, ал-дыңғы жаққа қөз салдым. Қабірімнің аузы арандай ашылып мені күтіп түр. Арғы жағында шексіздік жолы мен сол жолға кет-кендер алыстан-ақ топ-тобымен көрініп бара жатыр. Алты жағымнан бірдей қоршаған қорқыныштарға титімдей болса да қарсы турарлық қорғаныс қаруы мен тіреніш нүктесі қалмады. Дүшпандар мен зиянкестер-ге қарсы адам баласы қолынан келгенінше ғана күресе алады. Ал мына жағдайға адам заттың қабілет-күші жетпегендіктен, мен де шарасыз қалдым. Алты жағымнан анталаған уайым-қайғыдан үмітсіздіктің қараңғы қүрды-мына қүлағалы турғанда, Құран-ы Мұғжизул Баяннан күш алушы иман нұры көмекке жетті. Алты жағымды да жарықтандырып, нұрға бөлегендігі сонша уайым қараңғылығы жүз есе қоюлана туссе де, иман нурының сәулесі жеткілікті болар еді. Барлық қасіретімді қуанышқа, қайғыларымды сүйінішке айналдьірды. Былайша:
Иман: әлгі өткен шақтың қорқынышты ма-зар бейнесін қақ айырып, үйреншікті зиялы-лар мәжілісі мен сүйікті жандардың жиналысы екендігін айнәляқын көрсетті.
һәм иман: қапы қалып, үлкен қабір түрінде көрінген болашақты жағымды бақыт сарайла-рында беріліп жатқан Рахмани қонақасы, мәжіліс түрінде ғылмәляқын көрсетті.
һәм иман: қапы қалған назарда бүгінімді әкетіп бара жатқан табыттың тас-талқанын шығарып, Рахманның қонақ үйінде ақырет үшін саудаласып жүргендігімді көрсетті.
һәм иман: өмір ағашының басында жаназа сияқты көрінген бір ғана жемістің мәйіт емес, шексіз өмір үшін жаратылған рухым-ның тозған кебінінен шығып, аспанға серуен-ге самғау үшін шыққандығын илмеляақын көрсетті.