Атаққүмарлардың арман-қиялы атақ-даңқ, дәреже мен мақтан екендігін түсіндім. Осы уақытқа дейін мені де алдап келген бүл істерде ешқандай да нүр сәуле жоқ екендігін көрдім.
Қүранның киелі дәрістерін тыңдау үшін Баязит мешітіне екінші рет барғанымда, киелі хабарлардың сүйіншісін естідім. Өзгелерден жарылқау іздеп, босқа әуре бо-лыппын. Қүранның шапағаты арқасында дертіме шипа, қараңғылықтан нүр, үрей тара-тушылардан жүбаныш таптым. Жәнаб-ы Хаққа жүз мың шүкір еттім.
Сырт көзге тас қараңғы тұңғиық болып көрінгенмен, өлім, мумин үшін нұрлы, жарқын жузді екендігін Қүран сәулесімен көре алдым. Бүл ақиқаттар басқа да көптеген шығармаларымызда дәлеленген. Сегізінші Сөз, Жиырмасыншы Хат секілді тәпсірлерде көрсетілгендей, өлім азап шегіп жоқ болу емес, мәңгілік өмірдің бастамасы, негізгі өмірдің күйбең тіршілігінен демалысқа шығу, жәй ғана мекен ауыстыру,, Берзақ әлеміне көшкен жақындарымызға қауышу. Осы секілді ақиқаттар арқылы өлімнің шын сулу-лығын көрдім. Өлімнен қорқудың орнына жүзіне күле қарадым, Рабыта-и Мәуттің құпияларын тусіндім. Сонан соң жұрттың бәрін ынтазар етіп, өзіне тартатын жастық шақтың жүзіне зер салдым. Егер жастық шақтың негізі мен ішкі жүзін білмегенімде, бірнеше жылдар бойғы ойын-күлкіні аңсап, өмір бойы жылаған болар едім. Осындай біреу
яғни „Шіркін, жастық шағым бір күн қайта келсе ғой, Кәріліктің қаншалықты қиын хал-дер әкелгендігі жайлы шағым айтар едім", деген екен.