Иманның қуатымен өткен шақтың терең сайларына барып, қайғыларын сейілтетіні сияқты иманның нурымен болашақтың шыңдарына шығып, үрей мен қорқыныштың тамырын кеседі.
Әй, мен сияқты қарттықтан үрейленген қариялар, Иманда нүрлы, ләззәтті қазыналардың бар екендігін біліңіз. Кәрілік біздің иман қазынамызды одан әрі байыта тусуде, Олай болса, кәрілігімізге шағымшы бо-лудың орнына алғысшыл болуымыз керек.
Дүниежүзілік соғыстың аласапыраны мен әскери тутқындықтан құтылып, Стамбулдағы қызметімді қайта бастаған кезім болатын. Халифенің, Шейхулислам, басқолбасшы және медресе шәкірттерінің маған көрсеткен құрметтерімен шашымның ақтығына қарамастан жастық шақтық буына бөлендім. Бүл дүниеде мәңгі жасайтын адамдай сезіндім. Рамазан айының бір күнінде Баязит мешітінің ықыласты қарилерін тындауға бар-дым, Адамзаттың және барлық тіршілік атау-лының өлім табатындығы жайлы Құран-ы Мұғжизүл Баян жарлығын қарилер жариялады. Ол менің де жүрегіме үялап, жастық шақтың буынан сергітті, Көпке дейін әңкі-тәңкі боп, бағытын жоғалтқан кеменің күйін кештім, Айнаға қараған сайын ақ шаштарым „Байқа11 дейтіндей. Шынында да сенім артып, масат-танған жастық шағым қоштасып барады. Кеткім келмеген дүнием - өмірім сөнгелі тұр, Өте тығыз байланыста болған жер шары да уақытша екендігін мойындаймын. Қүран-ы Кәрімнің
Өз халіме назар аудардым да: шаттық бақшасындай болған жастықтың, жүлдыздай жарқыраған нұрлы өмірдің орнына қараңғы да үрейлі өлім жақындап келе жатқанын көрдім. Стамбулдағы қызметім мен сый-қүрметтер жанымда түрған қабыр аузына дейін ғана.