һәм иман: сүйектерім мен жаратылысым-ның басталуы болып табылатын топырақ аяқасты болып езілген елеусіз сүйектер емес, ол топырақ рахмет қақпасы, Жәннат қонақжайының бір пердесі екендігін иман-ның сыры арқылы көрсетті.
һәм иман: ғапыл назармен артымда жоғалып, қүрып бара жатқан дүниенің күйін Қүранның сыры арқылы былайша көрсетті: әлгі сырт көзге қараңғы болып көрінген дүние өз міндетін атқарған, мағынасы бідаДрілген, алайда орнына нәтижелерш қалдырып бара жатқан Самәдани хаттың бір паршасы әрі Субхани нақыш өрнектің па-рақтары екендігін көрсетті. Дүниенің шын мәнісін ғылмәляқын түрде көрсетті.
һәм иман: алдымдағы аузын арандай ашып, мені күтіп турған қабірдің ар жағындағы са-пар мәңгілік өмірмен дәнекер жолы екендігш Қүран нүрымен көрсетті. Ол қабірдің апан аузы емес, нұр әлемінің есігі, мәңгілік бақыт қақпасы екендігін біліп, дертіме шипа таптым.
һәм иман: қолымдағы кәсіп қалған аз ғана жүз-і ықтиариды алып, орнына қыруар дүшпандар мен қараңғылықтарға қарсы шексіз қүдіретке арқа сүйеу үшін және шексіз мейірімділікпен байланыс қүру үшш әлгі жүз-і ықтиярдың қолына куәлік тапсыр-ды. Тіпті, иман әлгі жүз-і ықтиярдың қолына бір куәлік болды һәм манағы жүз-і ықтияри дейтін адамның қаруы, негізінде, іске жарам-сыз қысқа әрі дәрменсіз. Алайда қалайша бір жауынгер шағын қуатын мемлекет атына қолданған кезде, өзінің қуатынан мың есе ар-тық істер атқарады; сол сияқты иманның сы-рымен әлгі шағын жүз-і ықтияри Аллаһу Тағаланың атына, оның жолына қолданылған кезде, бес жүз жылдық кең жәннатгы да алып береді.
һәм иман: келешек пен өткен шаққа дәнекер бола алмайтын әлгі жүз-І ықтияридың тізгінін дененің қолынан алып, жүрек пен рухқа тапсырады. Рух пен жүректің тіршілік тынысы дененікі сияқты осы шаққа тәуелді оолмағандықтан, көп жыл-дар өткен шақтан, ұзақ жылдар болашақтан қамтып, тіршілік тынысы кеңиді. Сондықтан әлгі жүз-і ықтияри шағын көйлегін шешіп, молшылыққа кенеледі.