Осы секілді жастық шақтың шын мағынасын тусіне алмаған қариялар қасірет шегуде. Ақылды мұсылман болса жастық шақтың қуатын ғибадат пен игі істерге, діни міндеттерін атқаруға жұмсап, Аллаһтың нығметі екендігін тусінер еді. Түзу бағыт пен ар-намыстылық және тақуалық болмаса, қауіп-қатер де мол. Албырттылықтарынан мәңгілік бақыты мен ақыреттік өміріне зиян келтіреді. Тіпті, бұ дүниелік тіршілігін де ас-тан-кестен қылады. Оған қоса бір-екі жылдық жастық шағы пайдасыз, зиянды істерге жұмсалуда. Біздер, яғни қарттар, жастық шақтың албырттығы мен қауіп-қатерінен құтылғанымызға Аллаһқа шүкір еткеніміз жөн. Егер ғибратты игі істерге сарп етсе, ақыретте де мәңгі жас қалпында қалады.
Бүдан соң адамдардың көбі кеткісі кел-мейтін дүниеге зер салдым. Дүниенің үш түрлі жүзі бар екендігін Қүран Нүрының көмегімен көрдім.
Біріншісі: Аллаһтың есімдерінің айнасы.
Екіншісі: Ақыреттегі жәннат жемістерінің бақшасы суретінде.
Үшіншісі: Ақыретке сенбеуші имансыздар-дың ойын-сауық жері. Сондай-ақ бүл дүниеде әр адамның өзіне тән үлкен дүниесі бар. Адамдардың есебінше, бүл - бірімен-бірі са-пырылысып жатқан дүние. Бірақ әр адамның өзіндік дүниесінің тірегі - өз өмірі. Денесі қай уақытта қүлап түссе, сол уақытта дүниесі де тас-талқан болады, ол үшін бүдан былай қиямет. Қапы қалған имансыздар өз дүние-лерінің кез-келген уақытта тас-талқан болуы мүмкін екендігінен бейхабар болғандықтан, жалпыға ортақ кең дүние мәңгі деп ойлап, оған қүштар келеді. мАпырым-ай, басқалардың дүниесі секілді тез қирап, тез бүзылатын менің де өзіндік дүнием бар. Осы бір өзіндік дүнием мен қып-қысқа өмірімнің маған не пайдасы бар?" деген ойға баттым. Бүл дүние - мен және басқалар үшін де үлкен сауда орны әрі тұрғындары күн сайын азайып-көбейетін қонақүй, келіп-ке-тушілердің сауда-саттық жасауларына ар-налған базар. Наққаш-ы Әзәлидің әр уақыт жаңалап отыратын хикмет толы дәптері.