Рисалә-и Нүр еңбектерінің көптеген жерлерінде баяндалып, бултартпас айгақтармен дәлел-денген Аллаһқа иман шартының ауқымды айгақтарының бір ғана айғагьша қысқаша ишарат. Кастамоны қаласына барғанымда, орта мектеп оқушылары қасыма келіп, үймелей қоршап алды. „Бізге Жаратқан Иемізді таныс-тыр. Мұғалімдер Аллаһ туралы айтпайды" деп өтінді. Мен оларға: „Сендердің оқып жатқан пәндеріңнің әрқайсысы өз керектігін көрсетіп отырады. Сендер мүғалімнің орнына оларды тыңдаңдар. Қане, олар не дейтінін тыңдап көрейік" - дедім.
Мәселен, көз алдарыңа керемет бір дәріхана елестетіңдер. Әрбір қүтыда өте дәл өлшеммен жасалған тірі қоймалжың ғажайып дәрілер және уға қарсы дәрмектер сақтаулы. Бүл біздің көз алдымызға сөз жоқ, өте епті әрі химик дана дәрі жасаушыны елестетеді. Жер шары да сол сияқты үлкен дәріхана. Онда төрт жүз мың өсімдік пен жануарлар қүты-сында тірі қоймалжың дәрілер мен дәрмектер бар. Бүл түрғыдан алып қарағанда, әлгі дәріханадан бүл дәріхана қаншалық зор әрі үлкен болса, сендер оқитын дәрігерлік оқуы түрғысынан Жер шары да соншалық алып дәріхана. Оның дәрі жасаушысы - Хаким-ы Зүлжәлал екендігі тіпті соқырларға да мәлім.
һәм, мәселен, таңғажайып бір фабриканы алайық. Ол фабрика маталардың мыңдаған түрін қарапайым шикізаттан тоқиды дейік. Бүл іс бір фабриканттың, бір үста маши-нистің бар екендігін шүбәсіз білдіреді. Сол сияқты „Жер шары" атты жүз мыңдаған ба-сы бар, әр басында жүз мыңдаған керемет фабрика орнатылған мына жылжымалы Раб-бани машина адамдар салған фабрикадан әлдеқайда үлкен әрі керемет болса, сендердің оқып жатқан механика пәні Жер шарының үстасының бар екендігін білдіреді әрі тантады да.