һәм, мәселен, бір таңғажайып қалада жүрміз дейік. Миллиондаған электр шамдар жылжып отырып жер жүзін шарлайды, жа-нармайлары да бітпейді. Осындай электр шамдар мен заводтар электр істерін басқарып отырған және жылжымалы шамдарды жа-саған заводты салған, жанармайды жеткізіп отырған мұғжезеші ұстаға, аса керемет қудіретті электршіге күмәнсіз түрде, танданарлық қошеметтермен сүйсінерсің, еріксіз „Жасасын!11 дерсің. Дәл сол сияқты мына әлем атты қалада дүние дейтін сарай-дың төбесінде жулдыз шамдар, космография-ның айтуынша, Жер шарынан мың есе үлкен, зеңбірек оғынан жетпіс ёсе жылдам қозғалса да жуйесін бүзбай, бір-біріне қақтығыспай, сөніп те қалмай, жанар майы сарқылмастан жанып тұр. Тағы сол сендер оқитын космографияның айтқанына сүйенетін болсақ, Жер шарынан миллион есе үлкен және миллион жылдан да астам кәрі Рахмани қонақүйде шам әрі ошақ қызметін атқарып түрған Күннің бір күн сөнбей жанып түруы үшін, жер жүзінің теңізіндей жанармай, тау-ларындай көмір немесе жер шарының мыңдаған көлеміндей отын керек екен. Мүны және бүл сияқты алып жұлдыздарды жанар-майсыз, көмірсіз жандырған, сөндірмеген, қай-қайсын да өте жылдам кездірген, бір-біріне соғыстырмай турған асқан құдірет пен салтанатты өзінің жарқын бармақтарымен көрсетіп түрған, әлем атты мына зәулім қаланың, дүние дейтін үлкен сарайдың электр шамдары және оны басқару істері үлкен әрі керемет те тамаша болса, сендер оқыған не-месе келешекте оқитын электр пәні тұрғысынан мына әлем атты ғажайып солғүрлым көрменің Сүлтанын, Мүнәууирін, Мүдәббирін, Үстасын әлгі нүр шашқан жүлдыздарды куә ретінде көрсетіп, танытты-рады? тәсбихпен, қошаметпен сүйсіндіреді әрі ынтықтырады.
һәм, мәселен, қолымызда бір кітап болса, оның бір жолыңа майда жазумен бір кітап жазылған екен. Әрбір сөзіне майда қаламмен Қүранның бір сүресі жазылған екен. Кітап өте ^гамаша. Ішіндегі тақырыптары бірін-бірі қуаттап, өзінің жазушысын, авторының асқан шеберлігін, бның қүдіретті екенін көрсететін мүндай кітап, міндетті түрде, өзінің жазушысын, қүрастырушысын өнерімен бірге ерекшеліктерін күндізгідей анық білдіреді әрі таныстырады.