Әрине, ол мәселені шешпей түрып басқа мәселелермен айналысқан адам - диуана. Тіпті, бүл мәселенің шиеленісіп кеткені сондай, бір көріпкел әһли кәшфтің көргеніндей бір жерде ажалы жетіп көз жүмған қырық адамның біреуінің ғана табысқа қолы жеткен екен. Қалған отыз тоғызы қүралақан қалған.
Міне, осы маңызды да өзекті мәселені ше-шетін және жиырма жылдан бері тәжірибелерімен он адамның сегізін табысқа жеткізген бір би табылса, әлбетте, есі бар әрбір адам бәрінен бүрын әлгі мәселеден та-бысқа жеткізетін биге жүгінуі тиіс.
Міне, осындай билердің бірі, тіпті, ең біріншісі Қүран-ы Мүғжизүл Баянның мағынауи и’жазынан сүзілген әрі туындаған Рисалә-и Нүр екендігіне, сол арқылы әлгі мәселеде табысқа жеткен мыңдаған куәгерлер бар.
Иә, мына дүниеге міндет жүктеліп жіберілген әрбір адам бүл жерде қонақ әрі фәни, өзінің де кім екендігі және мәңгілік өмірмен тығыз байланыстылығы іс жүзінде анықталып отыр. Бүл заманда мәңгі өмірге зақым бермей сақтап қалатын қорғандар қирап қалғандықтан, әрбір адамның бүл дүние-мен және ондағы жақын жандарымен келме-ске қоштасуы, сондай-ақ тіршіліктен мың есе әдемі әрі мәңгі бір мүлікке қол жеткізуі не болмаса айырылып қалуы сияқты өзекті мәселе туып отыр. Егер қолында иман куәлігі мен ақтау қағазы әрі құжаты болып табыла-тын иманы толық болмаса, әлгі мәселеде ұты-лып қалады. Апырым-ай, манағы үтылып қалған нәрсенің орнын немен толтыруға бо-лар еді?
Міне, осы ақиқатқа сүйене отырып, менің және достарымның әрқайсысының ақылы жүз есе артып, ұғымы молайса да, бәріміз жұмылып оны мына улы әрі киелі істің жолы-на арнасақ, әрең жетеді. Басқа мәселелермен шүғылдану біз үшін түкке турғысыз әрі бос әурешілік. Алайда Рисалә-и Нүрдың бірқатар шәкірттері басқа мәселерді шешу жолында күрескені (1), сондай-ақ кейбір ақымақтардың бізге нақақтан-нақақ тиісіп, зомбылық жа-саған кездерінде мәжбүр болып амалсыздан айналысқанымыз бар.