Екіншісі: салмақты да сабыр-лы әрі алдамайтын да алданбайтын адам. Ол манағы әйелдің ізін ала кіріп келді де, бізге бұрылып:
„Сендерге бір тылсым дәріс әкелдім. Мүны оқып, манағы халуаны жемесеңдер, көз алда-рындағы дарға асылудан аман қаласындар. Сондай-ақ осы тылсымның арқасында әлгі құнды билетке қолдарың жететін болады. Көз алдарыңда дар ағашы қасқайып тұр. Манағы халуа жегендерді көріп отырсыңдар, олар да дар ағашына барып асылып жатыр. Тіпті, дар ағашына барғанша жеген халуасы асқазанын бүріп, шаншып ауыртады. Ал қүнды ұтысты иеленгендер болса шынында көзге көрінбейді. Олар да сырт көзге дарға шыққандай болады, бірақ олардың асылмай, қайта ол жерді бас-палдақ жасап ұтыс тарататын кеңсеге өтіп кеткендерінен миллиондаған куәгерлер хабар беруде. Сенбесеңдер, терезеден қараңдар. Жауапты қызметкерлер мен бүл іске тікелей қатысты даналар айналаға жар салып хабар таратып жатыр. Хабарына қүлақ түретін бол-сақ, онда былай дейді: "Әлгі дар ағашына бет алғандарды көздеріңмен көргендерің сияқты мына қымбат ұтысы бар билеттерді де мен әкелген тылсымды қабылдағандар ғана иелен-гендігіне күмәнсіз сеніңдер. Ол ашық күндей рас, шүбәларың болмасын."
Міне, осы тәмсіл сияқты жастық шақтағы балдай дәмді, бірақ тыйым салынған заңсыз әрекеттер мен орынсыз көңіл көтерулер мәңгілік қазына әрі мол бақытқа бөленудің билеті және куәлігі болып табылатын иманды-лықты зақымдап, тіптіг’жоғалуъша себеп бола-тындықтан, дар ағашы тәріздес өлімнің және түңғиық қараңғылық әлемнің есігі сияқты қабірдің азабына душар етеді. Ажал жасырын болғандықтан жас, кәрі деп айырып жатпай, қылышын сүйретіп кез келген уақытта бас салуға келіп қалуы әбден мүмкін. Егер манағы улы балдай заңсыз әуесқой әрекеттерді тәрк етіп, Қүран тылсымы - иман және парыздар-ды орындағандардың тағдырдың керемет ло-тереясынан шығатын мәңгілік бақыт билетін алатынына жүз жиырма төрт мың пайғамбар (ғаләһимүссәләм) мен сансыз әулиелер бірауыздан хабар беруде, оның негізгі ұшқындарын көрсетіп те қояды.