АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 20
(1-151)

Сонымен, жастық шақ өтеді де кетеді. Ол азғындыққа сарп етілген болса, тіршілікте болсын, ақыретте болсын, қыруар қайғыға ду-шар етеді. Ондай жастар көбінесе жат қылықтардан және шамадан тыс ысыраптан болатын үрейлі ауруға шалдығып, емханаға, сондай-ақ бойын билеген албырттықпен абақтыға немесе қызық қуып, көңіл көте-ретін бұзық жерлерге және іші пысып жаны күйзелгендіктен ішімдік ішетін жерлерге үйір болатынына көз жеткізгілерің келсе, түрме-лерге, емханаларға, зираттарға барып көріңдер. Әлбетте, емхананың өзіне тән тілінен, жастық шақтың қызбалықтары мен теріс әрёкеттерінен туатын сырқаттардан жа-ны қиналып, „қап, әттеген-ай" деген өкінішті дауыстар естілетіні сияқты, түрмеден де ішінде отырған албырттыққа салынып, заңға қарсы әрекеттің соңында ащы таяқ жеген байғұс жастардың өкініш толы күйініштерін естисіңдер. Ал, зираттан, яғни жолаушыларға тынбастан есігі ашылып жабылған берзах әлемінен азапқа шыдай алмай шыңғырған да-уыстар естисіңдер. Мүның себебін қабірде не болып жатқанын көре алатын көзі қарақты әулиелер мен ақиқат қүрбандарынан сұрар болсақ, олардың айтуынша, жастық албырт-тығы мен теріс әрекеттердің нәтижесі екендігіне көз жеткізесіңдер.

Сондай-ақ адамзаттың басым көпшілігін құрайтын қарттардан, ауру-сырқат кісілерден сұрандар. Әлбетте олардың көпшілігі мұңын шағып, өкіне: „Қап, әттеген-ай, жастық шағымызды босқа өткіздік, тіпті, зиянды жер-лерге сарп еттік. Абай болыңдар! Біз сияқты болмаңдар..." дейді. Өйткені бес-он жылдық жастық шақтағы заңсыз ләззат үшін тіршілікте көп жылдар уайым мен қайғыға, берзахта азап пен зардапқа, ал ақыретте бол-са жәһаннам мен тозаққа тап болады,

Әйтседе: деген үміт бойынша тозақтағы пенде қаншалықты аянышты халде болса даг жан ашуға лайық емес. Неге десеңіз, өзінің қалауымен зиян шеккен адамға жанашырлық жасауға болмайды,Аллаһу Тағала сендерді және мені мына алай-түлей заманның бүліктерінен, бәле-жала-сынан сақтасын, амин.

Дыбыс жоқ