ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 10
(1-151)
Алайда менiң жағдайым ауыр‚ бiр жағынан науқаспын, әрi қыруар себептер бұған кедергi болуда.
Мен де сiздер үшiн жазған осы дәрiсiмдi оқып‚ қабыл алған барша әпке-қарындастарымды Нұр шәкiрттерi сияқты барлық рухани табыстарыма‚ дұғаларыма қосып отыруға байлам жасадым. Егерде сiздер менiң орныма Рисале-и Нұр кiтаптарын толық қолға түсiрiп‚ оқысаңыздар немесе тыңдасаңыздар‚ ортақ қағиданың шарты бойынша‚ барша бауырларыңыз болып табылатын Нұр шәкiрттерiнiң рухани табыстарына‚ дұғаларына ортақ бола аласыздар.
Мен қазiр тағы да жазатын едiм‚ бiрақ қатты науқаспын‚ өте әлсiзбiн‚ тым қариямын және кiтап тексеру сияқты көптеген мiндеттерiм бар. Сондықтан қазiрше осы жазғаным жетер деп қанағат еттiм.
Дұғаңызға мұқтаж бауырыңыз
Саид Нұрси.
Дыбыс жоқ