ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 12
(1-151)

Сондықтан бiр еркек бiр әйел алып өзiне мәңгi өмiрлiк серiк‚ дүниеде бақытты өмiрге ұйытқы және басқа күнәлардан өзiн сақтап қалу үшiн үйленуi қажет. Алайда ол нәзiк жанды бейшараны үнемi қол астында ұстап‚ дүниеде уылжыған жас шағында ғана сүйедi. Кейде оған берген ләззатынан он есе артық қайғы-қасiреттерге оны душар етедi. Егерде шариғат бойынша аталатын “куфув” жоқ болса‚ яғни олар бiр-бiрiне тең болмаса шариғат хұқық заңдарына мән берiлмейдi‚ сөйтiп сор маңдай әйел өмiрiнде әрдайым азап тартады. Мұның үстiне қызғаныш та қосылса жағдайы одан да әрмен нашарлай түседi. Мiне‚ осындай жұптық өмiрге алып келетiн үш себеп бар.

Бiрiншiден: Иләhи хикмет үрiм-бұтақ көбейiп‚ жалғасу үшiн осы табиғи қызметке ақы ретiнде табиғи қажеттiлiк және ынта-ықылас сыйлаған. Алайда осы ләззаттан ер адам он минуттық рақат тапса да‚ егер заңды адал болса‚ бiр-ақ сағат қиналуы мүмкiн. Бiрақ әйел он минуттық сол рақат үшiн он ай бала көтерiп‚ машақатын тартумен бiрге тағы да он жыл баланы бағып-қағумен бейнеттi ауыртпалығын көтередi. Демек он минуттық табиғи құштарлық осындай орасан қиыншылықтарға соқтыратындықтан маңызы қалмайды. Сезiм мен нәпсiқұмарлық онымен әйел баласын жұптылыққа мәжбүр етпеуi керек.

Дыбыс жоқ