(Қазiрше Медресетуззеhраның1 қайраткерлерiне ғана арналған.)
[Жасы келген әйелдерге маңызды да сүйiнiштi хабар және күйеуге тимей жалғыз қалғысы келген жас бойжеткендерге ескерту.]
Хадис шәрифте деп баян-далуы бiзге ақырзаманда қуатты иман қартайған әйелдерде болатынын көрсетуде‚ яғни “дiндар кемпiрлердiң дiнiне бас иiңдер” деп осы хадис әмiр етуде. Әрi Рисале-и Нұрдың басты төрт тiрегiнiң бiрi -“мейiрбандық” және әйелдер де мейiрбандық қаhармандары‚ тiптi олардың ең қорқағы батырша тайсалмай жанын баласы үшiн пида етедi.
Қазiргi таңда осы қымбатты аналар мен әпке-қарындастарымыз аса маңызды құбылысқа тап болуда. Құпиялы және жария етуге болмайтын өмiрдiң бiр ақиқатын Нұр шәкiрттерiнiң iшiнде жалғыз қалғысы келетiн немесе мәжбүр болған бойжеткендерге баяндау керек деп көңiлiме келдi. Мен де бастаймын:
Уа‚ қыздарым, әпке-қарындастарым! Қазiргi заман бұрынғы заманға ұқсамайды. Ислами тәрбиенiң орнына қоғамдық мәдени тәрбие қазiр жарты ғасырға жуық уақыт бiздiң қоғамдық өмiрiмiзге келiп орнаған.