ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 15
(1-151)
Жас нұршы қыздарға арналған хатқа қосымша

[Бiр кездерде сiздерге жолданған хаттан үзiндi]

Осы қалада Рисале-и Нұрға шәкiрт болған қартайған әйелдердiң табандылық көрсеткендерiн және басқалар сияқты солқылдақ еместiгiн ойладым. Бiрден мына хадис шәриф7 ескертiлдi‚ яғни ақырзаманда қартаң әйелдер табиғатынан әлсiз‚ сезiмпаз және мейiрiмдi болғандықтан, басқаларға қарағанда дiндегi медет пен нұрға әлдеқайда көп мұқтаж.

Сол сияқты жаратылыстарынан өзгеге қарағанда анағұрлым мейiрiмдi болғандықтан‚ дiннен тапқан шексiз мейiрбандылық ұясы - таяныш тұтарлық нұрға‚ сый-құрмет пен жанашырлыққа‚ мейiрiмдiлiк пен арқа сүйерге‚ медет боларлық күшке мұқтаж. Сондай-ақ, табандылық көрсетудi өздерi iштей талап етедi. Сондықтан осы күнде бұл мұқтаждықтарды дәл тауып берген Рисале-и Нұр бәрiнен бұрын олардың жандарына жылы тиiп‚ жүректерiнiң төрiнен орын алуда.

Саид Нұрси.


Дыбыс жоқ