ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 17
(1-151)

Адамзат ұрпағы - сәбилер‚ басқа жан-жануарлар сияқты шапшаң өз аяғына мiнiп кете алмағандықтан және күн көрiсте жан-жануардай екi-үш ай емес‚ он жыл‚ тiптi бұдан да көп мейiрiмдi қамқоршыға мұқтаж болғандықтан төрт аяқты жануарларға мүлдем ұқсамайды.

Осы сыр үшiн адам бойында ұрпағына деген мейiрiмдiлiгi табиғи қасиет болып‚ жалғаса беруi керек болған. Әрi күш-қуатсыз сәбилерге, нәзiк жанды аналарына нағыз қамқоршы‚ көмекшi және қорғаншы болу үшiн еркек кiндiктiлердiң де жаратылысында атақ-абырой‚ ар-намыс орнатылған. Осы ар-намыста боямасыз‚ ақысыз‚ өтеусiз және адал батырлық бар. Бiрақ осы қасиеттер кейбiр себептерден бiршама бұзылғандықтан ерлердiң көпшiлiгiнде шын көңiлден‚ әрi нағыз батырлық әлсiреп қалған. Алайда әйел баласында сол табиғи қасиет - мейiрбандық батырлығы сақталып қалған. Ақырзаманда осы табиғи қасиет мұсылман қауымында орасан қызмет атқаратынын және әлеуметтiк өмiрде, Ислами қоғамда негiз болып қаланатынын сол сияқты хадис шәрифтер шет жағасын ишараттап хабар беруде.

Саид Нұрси.


Дыбыс жоқ