Өзге елдiң маңызды жерлерiнде шығатын газеталарда сұралған “нелiктен қасиеттi сүннетке9 қарсы келiп‚ үйленбей жалғыз қалдың?”-сұрағына жауап]
Бiрiншiден‚ хатыңызды қатты науқастанып жатқан ұстазымызға оқып бердiк. Ұстазымыз бұған “мен қатты науқастанбағанымда бұл өте қымбатты‚ мұқиятты және құтты бауырларыма ұзақ жауабын жазар едiм. Бiрақ амал нешiк, ауыр халiм бой берер емес. Сондықтан өте қысқа бiрнеше мәселенi сол құтты, адал көңiлдi бауырларыма және Құран қызметiндегi достарыма жазарсыңдар‚”-дедi.
Бiрiншiсi: Қырық жылдан берi тым сойқаншыл дiнсiздiктiң тынбастан шабуылдауының қарсысында‚ ешнәрсесiн аянбай пида ететiн қас жан қиярлар қажет болған заманда Құраны Хакимның ақиқаты үшiн бұл жалғандағы бақытымды емес‚ тiптi керек болса ақыреттегi бақытымды да пида етемiн деп байлам жасадым. Өтпелi дүние әйелдерiн алу бiр сүннет қана.
Бұл бұл ма‚ егер дүниеде маған жәннаттың он хор қызы берiлсе дағы тастауға мәжбүр едiм‚ шын ықыласпен Құран ақиқаттарына қызмет ету үшiн. Өйткенi бұл қаны бұзық дiнсiздiк ұйым-дарының сұмдық әрекеттерi мен сақтаған қулықтары сондай‚ оларға төтеп беру үшiн аянбай жанын құрбан етiп, дiни iс-қимылдарын Аллаhтың ырзалығынан басқа ешбiр нәрсеге қолданбау керек болатын.