ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 19
(1-151)

Шарасыз қалған бiр қатар ғұламалар мен тақуа адамдар бала-шағасының қамы үшiн бидаларды10 жария еттi немесе жақ боп шықты. Әсiресе дiни сабақтарды алып тастау‚ Мұхаммед (с.ғ.у.)-ның азанын шақыртпау сияқты сұмдық қастандықтарға қарсы асқан жан қиярлық пен орасан табандылық‚ төзiмдiлiк пен қанағат қылып‚ ешнәрсеге қызықпау керек. Мұның алдында мен қасиеттi бiр сүннет боп табылатын үйлену әдетiн тастадым‚ сол көптеген харамды жасамайын деп. Әрi көптеген уәжiптер11 мен парыздарды орындайын деп. Бiр сүннетке бола жүз күнә iстеуге болмайды. Себебi сол қырық жыл iшiнде бiр ғана сүннеттi орындаған кейбiр ғалым молдалар ондаған үлкен күнәлар мен харамдарды12 жасауға‚ бiрқатар сүннеттер мен парыздарды тастауға өздерiн мәжбүр деп бiлдi.

Екiншiсi: Қасиеттi аятта делiнген‚ әрi хадис шәрифтегi сияқты әмiрлер уәжiп және үнемi қалатын әмiрлер емес. Қайта мүстахап13 және сүннет әмiрлерi болып табылады. Сондай-ақ ‚ шарттары бар және әрдайым барлық адамдар үшiн емес.

Дыбыс жоқ