Өйтпейiнше мына отыз жыл iшiнде болғандай‚ балаларға тек қана мәдени тәрбие берiлсе‚ бiр жағынан олар дүниеде пайдасыз және ақыретте шағымшы болып: “нелiктен иманымды құтқармадыңдар?” деп ата-аналарын ренжiтсе, әрине‚ ұлық сүннеттiң хикметiне терiс болар.
[“Әйелдерге ақ жол” кiтабында екi-үш рет баяндалған
хадис шәрифiнiң сырына байла-нысты “Қарттарға арнау” кiтабынан “жетi үмiт” қосылды.]
Бiрiншi үмiт: Уа‚ жасы келген қадiрлi қария бауырларым және қартаң әпке-қарындастарым! Мен де сiздер сияқты қартайдым. Қартайған шағымда анда-санда тапқан үмiттердi және ондағы дәтке қуат боларлық нұрға сiздердi де ортақтастыру ниетiмен басымнан өткен кейбiр оқиғаларды жазамын. Әрине‚ маған көрiнген нұр мен кездескен үмiт есiктерi менiң кемiс және шатыс қабiлетiме қарай көрiнген‚ ашылған. Иншаллаh‚ сiздердiң мөлдiр таза қалтықсыз пәк қабiлеттерiңiз, мен көрген нұрды жарқырата түседi және тапқан үмiт отын лаулата бередi.