ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 24
(1-151)

Үшiншi үмiт: Бiрде жастық шақтағы түн ұйқысынан қарттық таңында ояндым. Сол сәтте өзiме қарасам‚ денем қабiрге қарай биiктен домалағандай кетiп барады. Ниязи Мысридың20мына :

Құлайды күнде бiр кiрпiшi өмiр сарайымның‚Қирап болды ғой сарайы‚ қапыда қалар бейхабар жаным.дегенiндей рухымның ұясы - денемнiң күн сайын бiр кiрпiшi құлап қирап жатыр және менi дүниемен байлаған күштi үмiттерiм‚ тiлектерiм үзiле бастаған. Сансыз достарым мен сүйiктiлерiмнен айырылудың уақытысы жақын қалғанын сездiм. Сол рухани‚ әрi өте ауыр және шарасыз көрiнген жараның емiн iздедiм‚ таба алмадым. Тағы да Ниязи Мысри сияқты былай дедiм:

Мәңгiлiктi дiлiм‚ өлуiмдi Хақ қалады‚Дертке тап болдым дауасыз‚ әттең‚Лұқман да бұдан бейхабар (сiлтеме).

---------------------------------------------------
(сiлтеме) - Яғни менiң жүрегiм қатты алқынып мәңгiлiктi аңсайды. Бiрақ Аллаhтың хикметi денемнiң шөгiп‚ бұзылуын талап етуде. Тiптi Лұқман Әкiм21 емiн таба алмаған дауасыз бiр дертке ұшырадым Сол заматта бiрден Аллаhтың рақымдылығының тiлi‚ұқсасы‚ үлгiсi‚ жаршысы‚ өкiлi - ардақты Пайғамбарымыз Ғалейhиссалату уәссәламның22 нұры мен шапағаты‚ адамзатқа сыйға алып келген мұсылманшылығы әлгi дауасыз‚ шегi жоқ деп ойлаған жарама нағыз дәру және ем болды.

Дыбыс жоқ