Ендеше ол Кiсiнiң шапағатына бөленiп‚ нұрынан пайдаланып нұрланудың және барзах23 қараңғылығынан құтылудың шарасы - қасиеттi сүннетке бойұсыну.
Төртiншi үмiт: Бiр заманда қарттыққа қадам басқан-дықтан ғафлеттi26 жалғастыратын есен-саулығым да ауырлап қалды. Қарттық пен ауру қосылып‚ менi бiр қолдан қыспаққа алды. Басымды тауға да‚ тасқа да соғып ұйқымды қашырды. Бала-шаға‚ мал-мүлiк сияқты дүниемен басымды байлайтындай қол байлаулар да жоқ едi. Жастықтың сандалма жүрiсiмен зая кеткен өмiр байлығымның жемiстерi түгелдей күнәларға‚ қателiктерге айналғанын көрдiм. Ниязи Мысри сияқты қамыға жылап былай дедiм:
Кеттi босқа өмiрiмнiң байлығы‚ жасамадым бiр сауда,
Жолға келсем‚ барша керуен көшiп кеткен бейхабар.
Еңiреп жылап құладым жолға‚ жалғызсырап қу басым‚Бұлаған көзiм‚ қарс айрылып көкiрегiм‚ ақылым да аң-таң‚ бейхабар.
Ол кезде жат жұртта болатынмын. Күдер үзе көңiлiм қарайды‚ өкiне отырып аh ұрдым және сағыныш бойымды билеп‚ медет күттiм. Бiрден Құраны Мүғжизул Баян27 көмекке келдi.