ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 29
(1-151)

деп бiр медет‚ бiр нұр‚ бiр үмiт есiгiн iздедiм. Бiрден ақыретке16 деген иман нұры көмекке келдi. Ешқашан сөнбейтiн нұр‚ ешқандай үзiлмейтiн үмiт сыйлады.

Сонымен әй‚ мендей қартайған қария бауырларым және қартаң әпке-қарындастарым! Қартайғанымызға зарланбайық, iштей өкiнбейiк... Өйткенi ақырет әлемi бар және мәңгi. Сондай-ақ‚ өйткенi ол бұл дүниеден де керемет‚ әрi бiздi жаратқан Ол - Хаким35 және Рахим36. Қайта иманмен құлшылық жасай-жасай жасымыз толып‚ қарттық өмiрдегi мiндеттен құтылудың және рақымдылық толы әлемге демалу үшiн жүрудiң белгiсi деп бiлiп‚ одан разы болуымыз керек.

Иә‚ хадисте кесiмдiлiгi айқын: адамзат баласының ең таңдаулы адамдары болған жүз жиырма төрт мың пайғамбарлар қуатты түрде және бiр ауыздан‚ түгелдей дерлiк көргендерi мен хаққаляқин37 мәртебесiне сүйене отырып‚ бiрлесе ақырет әлемiнiң бар екенiн, адамдар сол жерге шақырылатынын және бұл әлемнiң жаратушысы, кесiмдi уәдесi бойынша ақыреттi жарататынын хабарлаған. Сол сияқты олардың жеткiзген хабарларын зерттеп ашқан‚ әрi көрiп ғылмеляқин38 мәртебесiнде растаған жүз жиырма төрт миллион әулиелер39 ақыреттiң бар екенiне куә‚ әрi бұл әлемнiң Саниы Хакимiнiң40 барша есiмдерi бұ дүниедегi көрiнiстерi арқылы мәңгi әлемдi ап-айқын талап еткендiктен тағы да ақыреттiң бар екенiне айғақ.

Дыбыс жоқ