Сондай-ақ‚ жыл сайын жер бетiнде‚ көктем маусымында тiке тұрған сансыз өлген ағаштардың өлiктерiн “Кун фая кун41” әмiрiмен тiрiлтiп “бағсу бағдал мәутке42” бөлеген‚ әрi хашир мен нәширдiң43 жүз мыңдаған үлгiсi ретiнде өсiмдiк тұқымдастары мен хайуанаттар класының үш жүз мың түрiн жинап‚ қайта тiрiлтiп жаратқан әзәли44 шексiз бiр құдiрет және сансыз‚ ысырапсыз мәңгi бiр хикмет‚ сондай-ақ‚ қорекке мұқтаж бүкiл жан иелерiн асқан мейiрiммен өте керемет бiр бейнеде қамтамасыз еткен және көктем сайын аз ғана уақыт iшiнде есепсiз де шексiз көп әсемдiк пен сұлулығының алуан түрiн жайып көрсеткен мәңгi бiр мейiрбандық‚ бақи бiр қамқорлық ақыреттiң болуын талап етедi. Әрi бұл әлемнiң ең керемет жемiсi‚ әлем Жаратушысының ең сүйiктi еңбегi және әлемдегi жаратылыспен өзара қойындас жатқан адам бойындағы мәңгiлiкке деген аса құштарлығы‚ ынта-ықыласымен бақи iзгi амалдары ап-айқын ишарат пен айғақ болып‚ бұл пәни әлемнен кейiн мәңгi әлем‚ бiр ақырет мекенi‚ бiр бақыт отаны бар екенiн кесiмдi түрде дәлелдеулерi соншалық‚ дүниедей анық ақыреттiң де анық екендiгiн қабыл алуды талап етедi.(Сiлтеме)
------------------------------------------------------(Сiлтеме)-Ия‚ дәлелдi бiр мәселенi айтып жеткiзудiң оңай екендiгiн және сенбей жоққа шығарудың өте қиын болатынын мына мысалдан көруге болады: