ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 33
(1-151)

Сондай-ақ ‚ осы түн мен таудың тым-тырыс қалпындағы қайғылы жалғыздықтан да бетер қайғылы‚ аянышты бiр жалғыздыққа жақындап келемiн‚ яғни бүкiл дүниеден бiрден айырылу уақыты таяп қалғанын қарттық шақ маған хабар беруде. Осы жалғыздық iшiндегi жалғыздықтан және қайғы үстiне қайғыдан бiр үмiт‚ бiр нұр iздедiм. Бiрден Аллаhқа деген иман көмекке келдi. Дәтiме қуат бергенi сондай‚ үстi-үстiне жалғызсырап кешкен күй мың есе артса да сол қуат жетер едi.

Сонымен әй‚ жасы келген кiсiлер мен қартаң әйелдер! Рас‚ аса қамқор бiр Жаратушымыз бар‚ әрине ‚ бiздер үшiн жалғыздық жоқ. Рас‚ Ол бар‚ бiз үшiн барлық нәрсе бар. Рас‚ Ол бар‚ әрине перiштелерi де бар. Олай болса бұл дүние қаңыраған бос емес‚ елсiз меңiреу таулар мен құла далалар Жәнабы Хақтың46 құлдарына толы. Ол үшiн және Оның нұрымен саналы құлдарынан басқа тасы да ‚ ағашы да көңiлi жақын достай көрiнедi. Мағыналы көрiнiс берiп бiзбен сөйлесе алады және көңiлдi аша алады.

Иә‚ бұл әлемдегi жаратылған заттардың санынша және алып әлем-кiтабы әрiптерiнiң санындай бар екенiне куә болған айғақтар‚ сондай-ақ, жан иелерiнiң мейiрiмдiлiгiне‚ қамқоршылығына‚ жан ашырлығына себепшi бола бiлген жиhаздарының‚ азық-түлiктерiнiң‚ ырыс-дәулетiнiң санындай мейiрiмiн көрсетушi дәлелдер‚ куәгерлер бiзге аса қамқор‚ өте жомарт‚ жан ашыр дос және аса сүйiктi болып табылатын Жаратушымыздың‚ Жасаушымыздың‚ Қорғаншымыздың ұлы есiгiн көрсетуде.

Дыбыс жоқ