Сол есiкте тез қабыл болғыш бiр шапағатшы - әлсiздiк пен дәрменсiздiк. Сондай-ақ‚ әлсiздiк пен дәрменсiздiктiң де нағыз уақыты - қарттық шақ. Осындай ұлы есiкке қабыл алынатын бiр шапағатшы қарттыққа қапалану емес‚ қайта оны жақсы көру керек.
Жетiншi үмiт: Бiрде Ескi Саидтың күлкiлерi Жаңа Саидтың көз жасына айналып‚ қартая бастаған шағымда Анкарадағы дүниешiл адамдар менi Ескi Саид деп ойлап‚ шақырған болатын. Анкараға жеттiм. Күз маусымының соңына таман Анкараның менен де бетер қартайған‚ тозып қираған‚ ескiрген қорғанының басына шықтым. Тарихи оқиғалардың тасқа айналған бейнесi ретiнде қорған көз алдыма келдi. Жылдың кәрiлiк мезгiлiмен бiрге менiң қарттығым‚ қорғанның қарттығы‚ адамзаттың қарттығы‚ атақты Османлы дәулетiнiң қарттығы‚ Халифат патшалығының опаты‚ әрi жер шарының қарттығы менi өте мұңды ащы және аянышты күйге тайдырып‚ биiк қорғанда өткен заманның ой-шұқыры мен болашақтың белестерiне қаратты және қарадым. Бiрiнен кейiн бiрi қаумалай менi қоршаған төрт-бес қарттық қараңғылының iшiнде Анкарада ең ауыр жан азабын сездiм.(Сiлтеме). Сондықтан бiр нұр‚ медет және үмiт iздедiм. Оңға‚ яғни өткен шағыма қарап жұбаныш iздедiм‚ сонда маған өткен шақ әкемнiң‚ ата-бабаларымның және адамзаттың үлкен мазары бейнесiнде көрiндi. Жұбаныш орнына үрейiмдi ұшырды.
--------------------------------------------------(Сiлтеме) - Сол кезде осы ауыр халiм парсыша мiнәжат түрiнде жүрегiме келген болатын. Қағазға түсiрiлiп‚ Анкарада “Хубаб” кiтабына алынды.