Бiз қариялар “Әлхамду лилләhи ала кәмалил иман45” деп қартайғанымызға қуануымыз керек.
Алтыншы үмiт: Бiрде қайғылы бiр тұтқындықта жүргенiмде адамдардан бойымды аулақтап‚ Барла жайлауындағы Қарағай тауының дөңiнде жалғыз қалдым. Жалғыздықта бiр нұр iздеп жүргенмiн. Бiр түнi сол үлкен дөңде өскен биiк қарағайдың үстiнде орналасқан үстi ашық шағын күркеде едiм. Қариялылық шақ үстi-үстiне жалғыздықтың үш-төрт түрiн маған ескерттi. Алтыншы хатта кең түрде баяндалғанындай: сол түнi меңiреу тыныштық орнап‚ тек ағаштардың сыбдыр қаққан және суылдаған дыбыстарынан шыққан аянышты үн‚ бiр дыбыс көңiлiмдi босатып‚ қарттығым мен жалғыздығыма ауыр тидi. Кәрiлiк маған мынаны ескерттi: мәселен‚ күндiз мына тас түнек қабiрге айналғандай және дүние қара кебiнге оранғандай сенiң өмiрiңнiң күндiзi де түнге‚ дүниенiң күндiзi де барзах23 түнiне‚ өмiрдiң жадыраған жазы да өлiмнiң қысқы түнiне айналады деп жүрегiмнiң қылын шерттi. Нәпсiм амалсыздан былай дедi:
Ия‚ мен елiмнен алыстап жалғыз қалғанымдай мына елу жылдық өмiрiмде көз жұмған сүйiктi достарымнан айрылғандықтан және олардың артынан жылап-сықтап қалғандықтан елден жырақ жалғызсырап кешкен өмiрден де бетер қайғылы‚ қасiреттi жалғыздық екен.