ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 27
(1-151)

Мен үшiн қуатты үмiт отын лаулатқаны және көңiлiме нағыз медет нұрын құйғаны сондай‚ сол ахуалымнан жүз есе артық үмiтсiздiкке салынсам да‚ арылта алатын және қараңғылықтарды сейiлте алатын едi.

Сонымен әй‚ мен сияқты бiр аяғын жерде‚ бiр аяғын көрде сезiнген және дүниемен байланысы үзiлуге жақын қалған құрметтi қариялар мен кемпiрлер! Бұл дүниенi өте тамаша‚ аса тәртiптi бiр қаладай‚ бiр сарайдай жаратқан бiр Саниы Зүлжәлал28 сол қала мен сарайдағы ең қалаулы қонақтарымен‚ достарымен сөйлеспеуi және көрiспеуi әсте мүмкiн бе? Рас‚ бiлiп тұрып мына сарайды салған‚ өз еркiмен және қалауымен тәртiпке келтiрiп әшекейлеген‚ әлбетте‚ “жасаған бiледi” дегендей “бiлетiн сөйлеседi”. Иә‚ осы сарай мен қаланы бiзге тамаша бiр мейманхана мен сауда үйi етiп салған‚ әлбетте, бiзге деген қатынасын және бiзден қалаған нәрселерiн баяндайтын бiр дәптерi‚ кiтабы болу керек.

Мiне‚ сол қасиеттi дәптердiң ең көркемi қырық жақтан мүғжизелi29 және әр минутта тым болмағанда жүз миллион адамның тiлдерiмен оқылып нұрын шашқан‚ сондай-ақ, әрбiр әрпiнде ең аз дегенде он сауап‚ он игiлiк табылатын‚ кейде он мың‚ тiптi кейде Қадыр түнiнде бiр әрпi үшiн отыз мың игiлiгiн‚ жәннат жемiсiн‚ барзах нұрын сыйлайтын кiтап - Құраны Мүғжизул Баян27. Осындай биiк мәртебеге ие кiтапқа тең келетiн әлемде ешқандай кiтап жоқ және ешкiм көрсете алмайды.

Дыбыс жоқ