Әрине‚ қолымыздағы бұл Құран - аспан мен жердiң Халиқы Зүлжәлалының30 барлық нәрсенi қамтып‚ басқарып тұрған Рубубиетi31 тарапынан және Иләhи32 ұлылығы жағынан‚ әрi шексiз мейiрiмдiлiгi тарапынан келген сөзi мен жарлығы‚ сондай-ақ, мейiрiмiнiң қайнар көзi. Соған жабыс. Iшiнде әрбiр дертке бiр дауа‚ әрбiр қараңғылыққа бiр нұр және әрбiр үмiтсiздiктi сейiлтер бiр үмiт бар.
Ендеше осы мәңгi қазынаның кiлтi - иман, бойұсыну, әрi оны тыңдап‚ қабыл алу және оқу.
Бесiншi үмiт: Бiрде қарттығымның алғашқы кездерiнде қайырсыз дүниеден алыстау ниетiмен Ыстамбұлдағы Бұғаз жақта орналасқан Þша33 дөңiнде рухым жалғыздықты қалап тыныс алғысы келдi. Бiр күнi сол биiк төбешiкте жалпақ дүниеге‚ айналама көз салдым. Кәрiлiктiң ескертуiмен айрылысудың және қоштасудың нәтижесiнде тым аянышты‚ өте қайғылы күй кештiм. Өмiр ағашымның қырық бесiншi жылы боп табылатын қырық бесiншi бұтағындағы ең жоғарғы жерiнен сонау өмiрiмнiң төменгi сатыларына назарлап көз жүгiрттiм. Сонда төменгi жақта‚ әрбiр бұтағында жыл сайын сүйiктi достарымнан‚ қатынас жасасқандарымнан‚ таныстарымнан айрылып‚ олардың сансыз өлiктерiн көрдiм. Осы ажырап қалудан және айрылысудан пайда болған тым күйiнiштi‚ зарлы мұңға батып‚ Фузули Бағдади34 сияқты айрылып қалған достар еске түстi де‚ көкiрегiм жылап Егiлемiн‚ көрiскенiм есiме түскен сайын‚ Еңiреймiн‚ дем жұтардай әл қалғанша солғын денемде.