Үшiншiсi: Рисале-и Нұр шәкiрттерiне “басқа адамдар үйленiп жатыр‚ сендер үйленуден бас тартыңдар” деп айтылмаған және айтылмайды да. Алайда шәкiрттер бiрнеше топқа бөлiнедi. Бiр тобы шын ықыластан айырылмас үшiн‚ нағыз жан қиярлық пен шын берiлгендiгiн сақтау үшiн бар қадарынша өмiрiнiң өтпелi кезеңiнде дүниедегi қажетiне бұ заманда басы байланып қалмау керек.
Егер иман мен Құран қызметiнде көмекшi болатын бiр әйел табылса алады. Қызметiне зиян келмейдi. Құдайға шүкiр‚ осылай iстеген көптеген Нұр шәкiрттерi бар. Әйелдерi олардан қалып кетпейдi. Қайта әйел баласын-дағы мейiрiмнен бастау алатын ақысыз табиғи батырлық пен шынайы ықылас жағынан күйеуiнен де озып кетуi әбден мүмкiн. Нұр шәкiрттерiнiң оқып жетiлген топтарының көбiсi үйленген‚ олар бұл сүннеттi орындады. Рисале-и Нұр оларға:
Үйiңiз бiр шағын Нұр медресесiне, оқу-ағарту мектебiне айналсын. Сонда бұл сүннет толық орындалған болады. Әрi қасиеттi сүннеттiң жемiстерi болған балалар ақыретте16 сiзге шапағатшы болады. Және дүниеде де иман дәрiстерiн алып сiзге шын мәнiнде перзент болады.